Қант диабетінің тамақтанғаннан кейін көрінетін белгісі

Қант диабетінің тамақтанғаннан кейін көрінетін белгісі
Фото: Freepik.com

Эндокринологтар іштің ауыруы секілді бірқатар мәселе қант диабетінің белгісі болуы мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қант диабетіне тән белгілер - үнемі шөлдеп жүру және жиі зәр шығару. Сондай-ақ, тамақ ішкеннен кейін асқазанның ауыруы да дабыл қоңырауы болуы ықтимал.

Сарапшылар мұндай белгі қант диабетінің асқынған түрі гастропарезді көрсетуі мүмкін екенін түсіндірді, бұл қандағы қант деңгейінің ауытқуынан туындайды. Гастропарез - адамның жеген тамағы асқазанда қалып, дұрыс қорытылмай, жағымсыз әсер мен сезім тудырады.

Тамақтаннан кейін асқазанның ауыруы біршама уақыттан кейін басылады. Сонымен қатар, метеоризм, жүрек айнуы, себепсіз салмақ тастау және тез тойып қалу бірге жүреді. 

Айта кетейік, бұған дейін қант диабеті: таңертең ұйқыдан оянғанда тамақтың құрғауының 11 себебі хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Наурыз айында қанша күн демаламыз?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә