Қант диабетімен ауыратын адамдарға зиян таңғы астың 5 түрі

Сарапшылар қант диабетімен ауыратын адамдар ішпеуі керек таңғы астың 5 түрін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жарма. Олар көмірсуларға толы және қандағы қанттың күрт өсуіне әкеп соқтырады.

Жеміс йогурты. Ол, жарма сияқты, қандағы қантты бірден арттырады. Одан да грек йогуртын таңдап, жаңа піскен жемістер қосқан дұрыс.

Вафли, құймақ және француз тосттары. Бұл танымал тағамдар көмірсуға бай, бірақ оларды сироп, бал немесе басқа тәттімен қосып жемеген абзалырақ.

Смузи. Көкөністер мен жемістердің қоспалары пайдалы, бірақ көптеген адам банан немесе апельсин қандағы қанттың айтарлықтай өсіретінін білмейді.

Шырындар. Таңғы астың тағы бір түрі - жеміс шырындары - таза қант.

"Барлық қоректік зат жойылған кезде ағзада тек қарапайым қант қалады"

Айта кетейік, бұған дейін қант диабетінің алғашқы белгілері қандай екені хабарланған болатын.

Диабет әр адамда әртүрлі дамиды, десе де уақыт өте оларда бұл патологияның ортақ белгілері пайда болады:

  • жиі зәр шығару;
  • шөлдей беру, ауыздың құрғауы;
  • қарынның аша беруі;
  • ұйқысыздық пен күндізгі ұйқышылдық;
  • созылмалы шаршаңқылық;
  • жаралардың баяу жазылуы;
  • бас айналу;
  • координацияның бұзылуы;
  • қол мен аяқтың ұюы;
  • әртүрлі дерматиттер;
  • дене массасының бірден төмендеуі немесе артуы;
  • көрумен байланысты проблемалар;
  • бас ауруы;
  • зәрден ацетонның иісі шығу;
  • жоғары қан қысымы.

Тағы да оқи отырыңыздар: «Алпамыс батыр» жыры. Реферат

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!