Жетісу облысында кәсіпкерді бопсалағандар сотталды

Жетісу облысында кәсіпкерді бопсалағандар сотталды
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Жетісу облысында прокуратураның үйлестіруімен құқық қорғау органдары кәсіпкерлерден ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, алдын ала сөз байласу арқылы әрекет еткен екі қылмыскер мүлікті өртеп жібереміз деп қорқытып, жәбірленушінің жарты миллион теңге көлеміндегі қаражатын иемденген.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді.

"Алакөл аудандық соты прокуратураның дәлелдерін қолдап, жасалған қылмыстың ауырлығы мен сипатын ескере отырып, кінәлілерді ҚР ҚК-нің 189 бабының 3 бөлігіне сәйкес 4 жылға бас бостандығынан айырды", – делінген прокуратура хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы