Алматы облысында мал жаюға шыққан шопан із-түзсіз жоғалып кеткен

Алматы облысында мал жаюға шыққан шопан із-түзсіз жоғалып кеткен
Фото: ҚР ТЖМ

Алматыда облысында бір күн бұрын мал жаюға шығып кетіп, қайта оралмаған шопан табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҚР ТЖМ мәліметінше, 24 ақпан түнде Алматы обласы Жамбыл ауданы Үлгелі ауылдық округі маңында ТЖД, полиция бөлімінің, ЖАО және халықтың күшімен 1950 жылы туған шопан іздестірілді. Ол 23 ақпан мал жаюға шығып, адасып кеткен.

24 ақпан таңертең жоғалған шопан Айдарлы ауылынан 25 шақырым жерде ТЖД іздеу тобымен табылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы