Астанада дүкендердің бірінде мас адам жанжал шығарды

Астанада дүкендердің бірінде мас адам жанжал шығарды
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Елордада қоғамдық тәртіпті бұзушыларды, басқалардың мүлкіне қол сұғатын және адамдар көп жиналатын жерлерде тәртіп бұзатын вандалдарды анықтау және жазалау жалғасуда. Ақпан айының басында түскі ас кезінде 42 жастағы ер адам мас күйінде Кравцов көшесіндегі дүкендердің біріне кіріп, сатушымен жанжал шығарған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Жанжал кезінде ол дүкеннің мүлкіне зиян келтірді. Соттың шешімімен ол жеті күнге қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Астанада еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар, пікір көшбасшылары, қала тұрғындары қолдаған "Тоқта, вандал" акциясы жалғасуда.Акция аясында қалада күндізгі және түнгі рейдтер өткізіледі, халық арасында қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы