"Мына қатыгездік бөбек жүрегіне қашан қонған". Дана Нұржігіт балабақшадағы балалардың төбелесіне қатысты пікір білдірді

Тележүргізуші Дана Нұржігіт Алматыдағы балабақшадағы балалардың төбелесіне қатысты қатыгездікке пікір білдіріп, әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша,

"Мынандай қатыгездік бөбек жүрегіне қалай,қашан қонған?! Жан дауысы шыққан өзі сияқты баланы аяусыз теуіп, үсті-үстіне жұдырықтап жатқаны көргенін істегені…басқа не айтуға болады? Бала үлкеннің үлгісімен өседі емес пе?! Балалы үйде ұрлық жатпайды дейміз ғой, балалы үйде небір ата-аналар барын бала айтпаса да, әрекеті айшықтап береді. Алматының 51-бөбек жайындағы мына оқиға қоғамды қатыгездік жайлаған, тіпті тамырлап кеткенін аңғартады. Отбасынадағы зорлық-зомбылықтың қандай деңгейге жеткенін көріп отырмыз. Үлкенді заңмен тоқтата алмай жатырмыз. Балаға не айтасың,ал", - деді ол.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!