"Орыс әйелдің қарғысы өткен". 46 жастағы келіншек 13 жыл бойы белгісіз дертпен күресіп келеді

"Орыс әйелдің қарғысы өткен". 46 жастағы келіншек 13 жыл бойы белгісіз дертпен күресіп келеді
Фото: Видеодан алынған кадр

46 жастағы Гүлден Актауова 13 жыл бойы белгісіз сырқатпен күресіп, емін таба алмай келеді. Қызының айтуынша, анасы жиі есінен танып, талма ауруына шалдыққан. Ол анасына мыстанның қарғысы өтіп, жын кірген деп күдіктенеді. Гүлден Ақтауова дертінің сыры жайлы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына келіп, айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Гүлден Актауова – бір қыз, екі ұлдың анасы. Қызы Анардың айтуынша, анасының аурушаң болып қалуына орыс кейуананың қарғысы себеп болған.

"Біздің отбасы, анамның құрбысы қызымен бір үйді жалдап тұрдық. Үй әдемі, бағасы арзан еді. Иесі орыс әйел болатын. Бірде үйге келіп, баласының сотталып кеткенін айтып, ішімдік ішіп отыр екен. Біз бала болғандықтан онысына мән бермедік. Сөйтіп балалармен үйдің артына барғанда орыс әйелдің жерден сынық кесені алып, ішінен әлденені оқып, көрші үйдің ауласына лақтырып жібергенін көрдік. Қателеспесем, арада біраз уақыт өткен соң сол үйдің ұлы қайтыс болды. Үйде ит, мысық асыруға тырыстық. Бірақ 2-3 күннен соң олар өліп қалатын”" – дейді Анар.

Анар анасының "ішіндегі жынын шығару" үшін арнайы мамандардың көмегіне жүгінген. Әлеуметтік желіден өзін жын шығаратын маман ретінде таныстырған Фархат есімді азамат Анарға көмектесуге келісті. 

"Ол үйге кіре салысымен отбасы тұрып жатқан үйдің таза еместігін, әлдебір дүниелер жүргенін кесіп айтты. Анама "көзіңді жұм да, денсаулық тіле" деді. Мен болған жағдайды бақылап отырдым. Анам ештеңе сезбеген, менде де мүлдем қорқыныш болған жоқ. Дұрыс па, жоқ па, білмеймін. Бірақ менің ойымша, бұл керемет орындалған актерлік қойылым", – дейді Анар.

Осы тұста дінтанушы Ернар Нартайұлы мұндай нәрсеге сенудің қажеті жоқ дейді. Сондай-ақ жын шығарудың ешқандай оқуы жоқ, арнайы маман да болмайды.

"Біз ғайып әлеміне байланысты мәселеде тек Аллаға және дәлелді нәрсеге ғана сенеміз. Ал ғайыппен айналысатын, нумеролог, экстрасенстерге сенуге болмайды. Ислам ойшылы Ибн Хальдуннің айтуынша, олар – ақыл-санасы дамымаған адамдарды арбайтын, өзінің жолына тартатын адамдар. Жын екі жолмен кіреді. Біріншісі, жын адамға өзі кіреді, екінші жағдайда біреу біреуге жын салуы мүмкін. Біреу салған жынның адамға кіру себебін анықтап, салдарын жойғанша оның адамнан шығуы қиын", - деді ол.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы