Абай облысында 9-сынып оқушысы із-түзсіз жоғалып кеткен

Абай облысында 9-сынып оқушысы із-түзсіз жоғалып кеткен
Фото: Астана облысы ПД

Абай облысында жоғалып кеткен 9-сынып оқушысы аман-есен табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Құзырлы органға хабар түскен бойда, полицейлер мен қыз оқитын мектеп мұғалімдері, еріктілер, сондай-ақ тұрғындар жұмылып, бүкіл қалан бойынша іздеу жұмыстарын жүргізді. 

"Олар қараусыз қалған ғимараттар мен ойын-сауық орындарын аралады. Іздеу іс-шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары оқушыны "Қазына" сауда үйінен тапты",- делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оқушы қыз Орталық полиция бөліміне жеткізіліп, онымен әңгіме жүргізіліп жатыр. Бала психологтың қарауынан кейін-ата-анасына тапсырылады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы