Тәулігіне 6 сағаттан аз ұйықтаса, ағзада не болады?

Тәулігіне 6 сағаттан аз ұйықтаса, ағзада не болады?
Фото: HelloDavidPradoPerucha / Freepik

Күніне 6 сағаттан аз ұйықтау адам денсаулығына теріс әсер етеді. Сарапшылар ұйқының аз болуы мен қанбауынан қандай физикалық және психикалық өзгерістер болатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Егер сіз бір күнде 6 сағаттан аз ұйықтасаңыз, денсаулығыңыз айтарлықтай нашарламауы мүмкін, бірақ ұйқының қанбауынан көзге көрінетін белгілер пайда болады. Мысалы:

  • көз астында қара шеңбер пайда болады;
  • қабақ іседі;
  • қол дірілдейді;
  • кейбір адамдар құмарлық, ашуланшақ болады. Бұдан бөлек, ұйқышылдық, шаршау, зейіннің төмендеуі де жиі кездеседі.

3 күн қатарынан 6 сағаттан аз ұйықтасаңыз, жоғарыда аталған белгілердің әсері күшеяді. Сондай-ақ, танымдық қабілеттер күрт нашарлайды, иммунитет төмендейді, ағзадағы қабыну күшейеді.

4 күн бойы ұйқыңыз қанбаса, галлюцинация пайда болуы ықтимал. Сонымен қатар, ашуланшақтық, шаршау, стресс, мазасыздық байқалады.

Ал 5 күн бойы аз ұйықтау ойлау қабілетінің бұзылуына әкеп соқтырып, 6 күні әлемді қабылдау және түсіну қиынға соғады. 

Үнемі ұйқының қанбауы жүрек-қан тамырлары аурулары, инсульт, қант диабеті, семіздік және депрессия қаупін жоғарылатады.

Айта кетейік, бұған дейін ұйқыны қалпына келтірудің 10 әдісі хабарланған болатын. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы неге тең?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә