Зат алмасу жұмысының бұзылғанын ескертетін 4 бөлгі

Қанша күш салып, тырыссаңыз да салмақ тастамай, үнемі шаршап жүресіз бе? Бұл зат алмасудың бұзылғанынан болуы мүмкін. Сарапшылар ағзаның калорияны тым баяу ыдырататынын ескертетін 4 белгіні атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

1. Үнемі тоңып жүресіз. Әсіресе егер ауа райының жылы екеніне қарамастан аяқ-қолыңыз салқын болып, өзіңіз тоңып жүретін болсаңыз. Бұл мәселені шешімін табуға физикалық белсенділік көмектеседі. 

2. Теріңіз құрғап, жарылады. Мұндай кезде көбірек су ішуге тырысыңыз. Бұл зат алмасудыі тездетіп, теріні ылғалдандырады.

3. Шашыңыз көп түседі. Зат алмасу бұзылған кезде шаш пен бас терісі аз қоректенеді.

4. Үнемі шаршап жүресіз. Бұл зат алмасудың бұзылғанын көрсететін ең қарапайым белгі. Зат алмасуды қысқа физикалық белсенділікпен ынталандыруға болады.

Айта кетейік, бұған дейін зат алмасуды қалай жақсартуға болатыны хабарланған болатын.

Көк шай - құрамындағы кофеин мен антиоксиданттардың көмегімен метаболизмді жақсартады.

Чили бұрышы, кайендік бұрыш (және басқа да ащы дәмдеуіштер) - ащы дәмдеуіштер қосылған тағам зат алмасуды жақсартады.

Грейпфрут - зерттеу бойынша тамақтану кезінде күніне жарты грейпфрут жеген адамдардың метаболизмі жеделдеп, 12 аптада 2 килограмм жоғалтып отырған.

B12 дәрумені - бұл маңызды дәрумен зат алмасуды жеделдетеді, әсіресе ет жемейтін адамдарға өте пайдалы.

Даршын - күніне 1 шай қасық даршын метаболизмді біршама жеделдетуге көмектеседі. Таңғы ас кезінде бір шай қасық даршынды сұлы жармасының ботқасына немесе кофеге салып ішсеңіз болады.

Алма сірке суы - бір шай қасық алма сірке суы мен жарты шай қасық балды газдалмаған суға қосып, күнде аш қарынға ішіңіз.

Тағы да оқи отырыңыздар: Ораза – 2024. Мұрынға дәрі тамызса, ораза бұзыла ма?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!