Хромтауда көлік коттеджге соқтығысты

Хромтауда көлік коттеджге соқтығысты
Фото: Диапазон басылымы

Хромтауда көлік коттеджге соқтығысты , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Аудан әкімдігі мен полиция бөлімінің мәліметінше, оқыс оқиға 22 ақпан күні сағат 17:30-да Достық көшесінде болған. 

"Бұған үшінші топтағы мүгедектігі бар жүргізушінің ұстамасы себеп болған. Жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізуші мас күйде болмаған", - делінген хабарламада.

Салдарынан екіқабатты үйдің бірінші қабатындағы терезесі зақымданған.

Жүргізуші келтірілген залал үшін жауапкершілікті мойындап, екі күн ішінде сынған терезені жөндеуге міндеттелді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек