Алматыда тағы бір жер сілкінісі тіркелді

Алматыда жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі мәліметіне сүйенсек, 23 ақпанда сағат 16.33-те жер сілкінісі болған. Оның эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 258 шақырым жерде орналасқан, Қытай аумағынан келген афтершок.

"Алматы қаласында 2 балл болып сезілді. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат болған жоқ. Жағдай тұрақты. ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Еске салайық, бүгін сағат 10.08-де де жер сілкінісі тіркелген еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!