ДДСҰ балалар тұтынатын тамақ өнімінің көп бөлігіне тыйым салғаны рас па?

25 қаңтарда өткен Cенат отырысында депутат Бибигүл Жексенбай Қазақстандағы жасөспірімдер мен балалар тұтынатын азық-түлік өнімдеріне қатысты бірнеше мәлімдеме жасады. Депутаттың сөзінше, Қазақстанда балаларға арналып жарнамаланатын ас-судың шамамен 72 пайызы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тыйым салған азық-түлікке жатады. Factcheck.kz редакциясы депутаттың сөзі қаншалық шындыққа жанасатынын тексеріп көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Елімізде балаларға арналып жарнамаланатын ас-судың шамамен 72 пайызы ДДСҰ тарапынан тыйым салынған азық-түлікке жатады екен", - деді Сенат депутаты Бибигүл Жексенбай. 

Басылым мәліметінше, бұл - шын ақпарат. ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының 2019 жылы жүргізген зерттеуіне сәйкес, Қазақстанда теледидардан жарнамаланатын балалар өнімдерінің 72 пайызы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдамаған өнімдер тізіміне жатады.

ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының 2019 жылы жүргізген зерттеуіне сәйкес, Қазақстанда телеарналардан көрсетілетін барлық жарнаманың 36 пайызы балалар өніміне жасалған жарнама және олардың 72 пайызы денсаулық сақтау ұйымының тамақтану критерийлеріне сәйкес емес. Сонымен қатар зерттеуге сәйкес, Қазақстанда балалардың 65,5 пайызы (демалыс күндері 80,5 пайызы) күніне кемінде 1 сағат теледидар қарайтыны анықталды. Зерттеуде Қазақстанда телеарналардан көрсетілетін әрбір үшінші жарнама азық-түлік өнімдері мен сусындар екені және жалпы жарнамалатын азық-түліктің 79 пайызы ДДСҰ-ның зиянды өнімдер санатына жататыны анықталған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз