Қорылмен күресуге көмектесетін өнімдер аталды

Қорылмен күресуге көмектесетін өнімдер аталды
Фото: ru.freepik.com

Рационда өсімдік өнімдерінің көп болуы қорылдау ықтималдылығын азайтады. Бұл жайлы Австралиядағы Флиндерс Университетінің ғалымдары айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "News.ru"-ге сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, мұндай диета ұйқы кезіндегі обструктивті апноэнің пайда болу қаупін 19%-ға азайтады. Зерттеу нәтижесі ERJ Open Research порталында жарияланды.

Ұйқыдағы апноэ – ұйқы кезінде тыныстың 20-30 секундқа тоқтап қалуы. Мұндай бұзылыс жиі кездеседі. Тәжірибе кезінде ғалымдар ағзаны күрделі қорылдан дұрыс диета қорғай алатынын байқаған. Яғни, көбірек көкөніс, жеміс, дәнді-дақылдар жеу керек.

Ғалыvдардың айтуынша, артық салмақ – ұйқы кезінде тыныстың тоқтап қалу қаупінің негізгі факторы. Өсімдік тағамдары өз кезегінде ағзадағы қабынуды басады және дененің майлы массасын азайтады. Бұл апноэден қорғануға көмектеседі.

Қорыл несімен қауіпті?

Әдетте, қорылдаудың адамға зияны жоқ, тек ол оның айналасындағы адамдарға ұйықтауға кедергі келтіреді. Алайда кей жағдайда қорыл обструктивті апноэ синдромы деп аталатын қауіпті күйдің белгісі болуы мүмкін. Бұл бұзылыс адам тынысының толықтай немесе ішінара тоқтап қалуына әкеледі.

Патологияның мынадай салдарлары болуы мүмкін:

  • Күндізгі ұйқышылдық;
  • Жоғары қан қысымы;
  • Инсульт;
  • II типті диабет;
  • Жүрек ауруының дамуы;
  • Зейін қоюдың нашарлауы;
  • Депрессия және көңіл күйдің құбылмалдылығы;
  • Көруге байланысты проблема.

Әдетте, апноэнің алғашқы белгілерін оның туыстары байқайды. Егер жақындарыңыз, сіз ұйықтап жатып қатты қорылдайтыныңызды және ол әлсін-әлсін тынышталып қалатынын айтса, дәрігерге көрінген жөн.

Қорылды емдеуге бола ма? Кей жағдайда адам қорылдауын өздігінен азайта алады. Бұл жайлы толығырақ мына жерден оқи аласыз.

Оқи отырыңыз: Дәретханада ұзақ отыру қандай қауіпті салдарларға әкеледі?

А. Жапатова