"Көктем жақсы жаңалықпен басталады". Наурызда бақытын табатын 5 жұлдызнама белгісі

"Көктем жақсы жаңалықпен басталады". Наурызда бақытын табатын 5 жұлдызнама белгісі
Фото: pixabay.com

Астрологтардың айтуынша, наурыз айы бес жұлдызнама белгісі өкілдері үшін бақытты сәттермен басталады. Олар бұрыннан армандап жүрген нәрсесін табуы мүмкін. Олар үшін көктем жаңа өмірдің басы болмақ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Styler-ге сілтеме жасап.

Арыстан

Сіз үшін наурыз - жаңа мүмкіндіктерді ашатын және өзінің жақсы жақтарын дамытатын кезең. Өз өміріңізді өзгертетін мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Қалаған нәрсеңізді ала аласыз, бастысы, әрекетті бастаңыз.

Тауешкі

Көктемнің басы сіз үшін осы жылдың ең бақытты кезеңі болуы мүмкін. Сіз жеңілдік пен еркіндік сезімін аласыз. Сондай-ақ проблемалардың ауырлығы жайлы ұмытуға мүмкіндік аласыз. Содан кейін өміріңізде сізді үйлесімділікпен толтыратын "ақ жолақ" басталады.

Суқұйғыш

Наурыз сіздің жұлдызды уақытыңыз болады. Көктем өміріңізді жақсы жағына өзгертеді, еркін демала аласыз және уайымды ұмытасыз. Сондай-ақ күтпеген мансаптық мүмкіндіктер мен саяхаттауға жол ашылуы мүмкін.

Мерген

Наурызда алдыңызға жаңа және амбициялық мақсат қоясыз. Сізді біреу арманыңыздан айныта бастаса да, алға жылжыңыз және тоқтамаңыз. Жүрегіңізді тыңдаңыз және бәрін өзгертуге қорықпаңыз.

Тоқты

Көктем сізге демалуға және босаңсуға мүмкіндік сыйлайды. Бұл сіз үшін ең жақсы сый болмақ. Демалыстан соң жұмысқа жақсылап кірісіп, проблемалардан қашпауға тырысыңыз. Ойлаған нәрселердің бәрін жасай аласыз.

Оқи отырыңыз: "Торпақтар - қызғаншақ, Шаяндар - ренжігіш". Жұлдыз жорамал бойынша негізгі кемшілігіңіз қандай?

А. Жапатова