Ерлі-зайыптыларға бөлек төсекте ұйықтау пайдалы - дәрігер

Ерлі-зайыптыларға бөлек төсекте ұйықтау пайдалы - дәрігер
Фото: elements.envato.com

Сүйіктіңіз түнде қорылдап, қайта-қайта қимылдап, көрпені тартып ала беретін болса, енді ғана терең ұйқыға кетіп жатқан адам оянып, ұйқысы бұзылады. Әлем бойынша жүргізілген сауалнама нәтижесіне сәйкес, әрбір алтыншы жұп бөлек ұйықтағанды жөн көреді, бұл ерлі-зайыпты бірге жатқысы келмегендіктен емес, жай ғана жеткілікті ұйықтау үшін. Сондықтан ғалымдар ерлі-зайыптының денсаулығын жақсартып, олардың қарым-қатынасын нығайту үшін бөлек ұйықтауды ұсынады.  

Танымал ұлыбританиялық ұйқы сарапшысы Нил Стэнли 2005 жылы әріптестерімен тәжірибе жүргізген. Олар серіктестердің әрқайсысының қолына электрон білезік кигізді, сөйтіп мамандар олар бір-бірінің іс-әрекетін қайталайтынын байқады.

"Шын мәнінде, ұйқыңыздың қанбауына серіктесініңіз кінәлі", - дейді Нил Стэнли.

2016 жылы Германиядағы Парацельс медициналық университетінің қызметкерлері жүргізген зерттеу ұйқының қанбауы мен арадағы мәселе бір-бірімен байланысты екенін көрсетті. Сондай-ақ, ұйқысыздықтан зардап шегетіндер арасында ажырасу деңгейі жоғары, өйткені нашар ұйқы эмпатия деңгейін төмендетіп, адамды ашуланшақ етеді.

"Тыныш ұйқы өте маңызды және оны ерлі-зайыпты бір төсекте ұйықтау керек деген ұғым үшін құрбан етудің қажеті жоқ", - дейді маман.

Ал бөлек ұйықтау ерлі-зайыптының жыныстық өміріне кері әсер етпей ме?

Нил Стэнлидің айтуынша, бөлек ұйықтау жағдайды керісінше, жақсартады.

Ал егер өмірлік серіктесіңізбен бөлек бөлмеде ұйықтағыңыз келмесе, жәй ғана жеке төсек орнын сатып алу жеткілікті, себебі тыныш ұйқы үшін ені кем дегенде 90 сантиметрлік жеке кеңістік болуы шарт. 

Айта кетейік, бұған дейін ғалымдар жалаңаш ұйықтаудың денсаулыққа пайдасы мен дене бітіміне әсері туралы айтқаны хабарланған болатын. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Гидравликалық мәшинелер деп қандай мәшинелерді айтады? Олардың жұмысына қандай заң пайдаланылады?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә