Польшадан экстрадицияланды: күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстанның Польшадағы Елшілігінің көмегімен Польша Республикасынан трансұлттық ұйымдасқан топты құру және басқару үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Украина азаматын экстрадициялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол 2022 жылы құрған қылмыстық топ Қазақстан аумағында аса ірі көлемде психотроп заттарды өндіріп сатқан.

Тәркіленген заңсыз заттардың көлемі 1 тоннадан астам, ал олардың заңсыз айналымдағы жалпы құны - 1,5 миллиард теңге.

Бұл қылмысты жасағаннан кейін ұйымдасқан топ мүшелері құрықталды, ал оның жетекшісі жасырынып, оған халықаралық іздестіру жарияланған.

2023 жылғы тамызда күдікті Польшаның аумағында ұсталды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол экстрадицияланып, қазір Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Мұндай қылмыс жасағандардың мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру не өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалуы мүмкін. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!