Павлодар облысында жылқыдан қауіпті ауру анықталды

Павлодар облысында жылқыдан қауіпті ауру анықталды
Фото: Massaget.kz 

Павлодар облысы Екібастұз қаласына қарасты Бесқауға ауылындағы бір фермердің жылқысынан қауіпті ауру анықталды. "Қуаныш" шаруа қожалығындағы 624 бас қыл құйрықтының екеуі осы кеселдің құрбаны болған. Тағы жиырма төрті күдікті ретінде оқшауланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Осыған байланысшы шаруашылық карантинге жабылды. Қазіргі таңда оқиға орнында республикалық эпизоотияға қарсы жасақ жұмыс істеп жатыр. Олар, өлген малдан сынама алады және дезинфекция жасайды, дейді сала мамандары.

"Бұл ұзақ мерзімдік карантин. Ауру жұқтырған жылқылар түгел жойылып дезинфекция жасалуы тиіс. Содан барып үш айдан кейін ғана карантин алынады", - дейді Павлодар облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы Самат Мажиров.


Фото: Massaget.kz 

Ғылыми тілде эпизоотиялық лимфангит деп аталатын бұл ауруды қазақтар сақау деп атайды. Осы індет тигенде жылқының қаны мен сілекейі бұзылып, тамағына жара пайда болады. Мамандар, ауру баяу өткенімен аса қауіпті екенін айтады. 


Фото: Massaget.kz 

Елімізде сақауға қарсы вакцинны биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты әзірлеп жатыр. Әзірге зертханалық сараптамадан толық өткен жоқ.

Е.Базарқұл

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz