Астанада 3 топтағы мүгедекке шашты бояу курсын дұрыс өткізбеген салон иесі жазаланды

Астанада 3 топтағы мүгедекке шашты бояу курсын дұрыс өткізбеген салон иесі жазаланды
Фото: elements.envato.com

Астанада 3 топтағы мүгедекке шашты бояу курсын дұрыс өткізбеген салон иесі жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Саңырау әрі мылқау және 3 топтағы мүгедек сұлулық салонында шашты бояуға үйретуге арналған жарнаманы көрген. Ол оқу ақысын толығымен төлеген. Алайда физикалық шектеулеріне байланысты ол шашты бояу техникасын игере алмай, бірнеше рет жауапкерден қолжетімді түрде түсіндіруді сұрады. Бірақ оның өтініштері жауапкер тарапынан еленбеді және курс аяқталғаннан кейін оған сертификат берілмеді.

Бірінші сатыдағы соттың шешімімен талап ішінара қанағаттандырылып, жауапкерден оқу үшін төленген толық сома, тұрақсыздық төлемі мен моральдық зиян өтелді.

Алған білімді игеру талапкердің айрықша жауапкершілігі екені туралы жауапкердің келтірген дәлелдерін сот заңнамаға қайшы деп таныды.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды оқыту заңда белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Апелляциялық тәртіпте сот шешімі ішінара өзгертілді. Оқыту бойынша шарт әдетте тауарларды сатып алу-сату шарты ретінде емес, ақылы қызмет көрсету шарты ретінде жіктеледі.

Сол себепті, оқыту шарты бойынша тиісті қызмет көрсетпегені үшін тұрақсыздық төлемін өндіріп алуға негіз болмағандықтан, оны өндіріп алудан бас тартылды. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина