Базалық мөлшерме төмендесе, халыққа қалай әсер етеді?

Базалық мөлшерме төмендесе, халыққа қалай әсер етеді?
Фото: Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеменің төмендеуі кімдерге әсер ететінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Базалық мөлшерлеменің төмендеуі біріншіден кредиттік ресурстарды тартуды төмендетеді. Сондай-ақ депозиттердің мөлшерлемелеріне де әсер етіп, олар да төмендейді. Олар шамамен 0,5 пайызға төмендеуі мүмкін. Мұндай өзгерістерді енгізу банктердің өз саясатына байланысты болады.

Алайда 0,5 пайызға төмендегені аса қатты әсер етпейді. Мұндай өзгерісті ауқымды қаржыгер, банктер сезінуі мүмкін, бірақ жалпы халыққа немесе жекелеген бизнеске бұл қатты әсер етпейді", - деді Тимур Сүлейменов Ұлттық банкте өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені 14,75 пайызға төмендеткенін жазған едік.

Жасұлан Ордабаев

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz