730 миллион теңге: Шортанды ауданында қазандықтар заңсыз сатып алынбақ болған

Шортанды ауданында жергілікті атқарушы орган 730 миллион теңгеге блок-модульдік қазандықты заңсыз жолмен сатып алмақ болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап. 

Аудан прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың қызметінде "Мемлекеттік сатып алу туралы" заң нормаларын сақтау бойынша талдау жүргізді.

Ауданның жергілікті атқарушы органының мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында блок-модульдік қазандықты бәсекелестік емес жолмен, яғни бір көзден тікелей шарт жасасу арқылы сатып алуды көздегені анықталды. 

Прокурорлық қадағалау актісімен бұл сатып алудың күші жойылып, жыл сайынғы жоспарға ашық конкурс арқылы сатып алуды ұйымдастыру бойынша өзгерістер енгізілді.

Осылайша, аудан прокуратурасының қабылданған шараларымен 730 миллион теңге болатын заңсыз сатып алудың алды алынып, кәсіпкерлік субъектілерінің ашық конкурсқа бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етті.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!