Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазгидромет мәліметінше, еліміздің батысында антициклон әсері сақталады. Сондықтан жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республиканың қалған бөлігінен атмосфералық фронттар өтіп, еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауады, тұман түседі, көктайғақ та болжанады.

"Еліміздің батысында ауа температурасында өзгерістер күтілмейді, республиканың солтүстігі мен орталығында түнде 22-35 градус аяздан 10-23 градус аязға дейін жоғарылайды, шығыста түнде 12-22 градус аяздан 23-38 градус аязға дейін төмендейді, оңтүстік және оңтүстік-шығыста 8-23 градус аязға дейін аздаған төмендейді", - деп жазылған мәліметте.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!