Шымкентте қоғамдық көлікте жүру ақысы өсуі мүмкін

Шымкентте қоғамдық көлікте жүру ақысы өсуі мүмкін
Фото: Тұрар Қазанғапов

Шымкентте қоғамдық көлікте жол жүру ақысы өсуі мүмкін. "Ашық НҚА" сайтында Шымкент әкімдігі қаулысының жобасы жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жол ақысын интернет желісі,  ұялы байланыс құрылғылары немесе электрон жол жүру қартасы арқылы төлеу кезінде - 100 (жүз) теңге; жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде - 200 (екі жүз) теңге болып бекітілсін. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі", - делінген құжатта. 

Қаулы 11 наурызға дейін қоғамдық талқылауда болады. 

Айта кетейік, бұған дейін жол жүру ақысы электрон төлем жүйесі үшін 70 теңге, ал қолма-қол есеп айырысу 100 теңге болған еді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек