Үш облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды

Үш облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды
Фото: ҚазАвтоЖол

23 ақпан сағат 09:30-дағы жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар 3 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жетісу облысында - жалпы ұзындығы 100 шақырым 1 автожол (шектеулі көрініс, боран)

1. Үшарал-Достық, Көктума бекетінен Достық бекетіне дейін (барлық көліктер үшін)

Қостанай облысында – жалпы ұзындығы 83 шақырымды құрайтын 1 автожол (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)

1. "Жезқазған-Петропавл" - Ұлытау обл. шек.-Арқалық қ. (көліктің барлық түрлері үшін)

Ұлытау облысында  – жалпы ұзындығы 115 шақырымды құрайтын 1 автожолда
(екпінді жел, ауа температурасының төмендеуі)

1. "Жезқазған-Петропавл" - Ұлытау к.-Қостанай обл.шек. (барлық көлік түрлері үшін).

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп ұстауға 387 бірлік техника және 796 жолшы жұмылдырылды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина