ХҚКО-ның бұрынғы маманы: Көкшетауда шетелден келген көліктер заңсыз тіркелген

"Азаматтарға арналған үкіметтің" Көкшетау қалалық ХҚКО-ның бұрынғы маманымен алдын ала сөз байласып, екі азаматтың жалған төлем құжаттарын қолданып, алымдарды төлемей шетелден келген көліктерді жаппай бастапқы тіркеуді ұйымдастырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл істі ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті тергеді.

Жалған төлем-есеп айырысу құжаттары арқылы 68 көліктің заңсыз тіркелгені анықталды.

Бастапқы тіркеу үшін алым төлемеу түріндегі мемлекетке келтірілген шығын шамамен 449 миллион теңге.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратуға жатпайды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина