"Жүрегім қалады". Тележүргізуші Анна Данченконың өзгерісі көпшілікті таңғалдырды

Танымал тележүргізуші Анна Данченко 15 жылдан кейін стиліне өзгеріс енгізіп, көпшілікті таңғалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Анна Данченко стиліндегі өзгерісін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

"15 жылдан кейінгі өзгеріс. Қанша жыл бойы шашымның түсі қара еді. Әкемді жоғалтқаннан кейін ақ шаш көбейіп кетті. Жүрегім өзгерісті қалады. "Сары түс" - менікі емес. Түрім орыс қызға ұқсап кетер, болмысыма да сай емес дедім, сондықтан осындай шоколадтың түсіне тоқтадық. Менің қатты өзгеріп кетуімді қалаған жандарға айтарым, "мен тұрақты адаммын", ар-арасында ғана осылай шешім қабылдайтыным болмаса. Қатты сөкпеңіздер, болмаса, келесі өзгеруіме тағы 15 жыл күту керек болады", - деп жазды ол. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!