"Құны - 2 миллион теңге". Фариза Төреәлі сіңлісіне бағалы сыйлық тарту етті

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі сіңлісінің туған күніне бағалы сыйлық тарту етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фариза Төреәлі туған күн кешінен видео жариялап, қалың көпшілікке өзінің берген сыйлығын көрсетті. Блогер ару сіңлісіне Cartier брендінің құны 2 миллион теңге тұратын сағатын таққан. 

"Жаным, сіңілім сенің бар болғаныңа сансыз шүкірлер. Жан-жарыңмен, балапандарыңмен бақытты ғұмыр кеш. Сен өз жасыңнан данасың, ақылдысың", - деп жазды блогер. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!