"Тағы бір белес". Жұлдыз Абдукаримова көпшілікке жаңалығын бөлісті

"Тағы бір белес". Жұлдыз Абдукаримова көпшілікке жаңалығын бөлісті
Фото: Әлеуметтік желідегі парақшасынан

Актриса Жұлдыз Абдукаримова желідегі көпшілікке жаңалығын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің айтуынша, жақында Атырау қаласында жаңа бағытта өнер көрсетпек.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)

"Тағы бір белес... Әу баста Жаратқан жан бітіріп, анадан Адам болып туғандықтан, сана бергендіктен өмір бойы дамып, жетіліп, білімімді толықтырып отыру негізгі бағытым деп білем. Өз мамандығымды қаншалықты сүйетінімді еш жасырған емеспін. Сондықтан әр жаңа қойылымға шақырту алғанда зор махаббатпен қабылдаймын. Қажетінше тер төгемін, уақыт бөлемін, кейіпкерімді зерттеймін, сезінемін, дайындаламын. Бұл жолы Атырау театырындамын. Мен үшін жаңа жанр, жаңа бағыт, ерекше кейіпкер болмақ. Көрермен алдындағы жауапкершілік, қойылым алдындағы қобалжу бар. Ол қобалжу әрқашан болған және үнемі болатынын білемін. Ал дәл қазір премьераға дайындық қызу жүріп жатыр", - деп жазды ол.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы