Бишімбаев ісі: Марқұм Нүкенованың ағасы қылмыс болған сәтті жариялады

Бишімбаевтың жұбайы марқұм Салтанат Нүкенованың бауыры бүгін әлеуметтік желідегі парақшасына қылмыс болған сәтті жариялады. Екі суретте экс-министрдің келіншегін ұрып құлатқанын көруге болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сондай-ақ сот-медициналық сараптама қорытындысының үзіндісімен де бөліскен. Онда сарапшылар басынан, кем дегенде, 13 рет соққы алды деген қорытындыға келіпті.

"Адвокаттар оны ұрмады деп отыр. Алайда, бізде әртүрлі бұрыштардан, дененің әр жеріне қайта-қайта соққылар мен тепкілеген сәті түсірілген бейне бар. Медициналық сараптама қорытындысы (бейнедегі скриншоттар) бар, онда сарапшылар тек басынан кем дегенде 13 соққы болған деген қорытындыға келеді"", - деп жазды Айтбек Амангелді.

Мұны ол Бишімбаевтың адвокаттарының мәлімдемесіне жауап ретінде салып отыр. Күні кеше ғана олар экс-министр келіншегін өлтірмеуі мүмкін екенін айтқан болатын.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз