Мәслихат сессиясында балағат сөз айтқан депутат қалай жазаланады?

Мәслихат сессиясында балағат сөз айтқан депутат қалай жазаланады?
Фото: видео кадры

Алматыда мәслихат сессиясында балағат сөз айтқан депутат Тимур Елеусізовтің қалай жазаланатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бүгін таңертең (...) мен полиция бөліміне келдім, түсініктеме жаздым. Олар мені Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша жауапкершілікке тартты. Жіберген қателігіміз үшін толық жауапкершілік алуымыз керек", - деді депутат Instagram-парақшасындағы видеода.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Тимур Елеусизов (@timur_yeleussizov)

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-тармағы "Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу" бойынша 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 5 тәуліктен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы көзделеді. 

Алайда депутатқа жаза әлі таңдалмағаны белгілі болды. 

"Т.М.Елеусізовке қатысты қоғамдық орында балағат сөз айту дерегі бойынша материал Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды", - деді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері. Бұл бойынша соңғы шешімді сот шығарады.

Еске салайық, мәслихаттың кезектен тыс XIV сессиясында эколог Тимур Елеусізов баяндама оқып отырып, күрделі сын есімді бірінші рет айта алмай, кейін балағат сөз айтқаны видеоға түсіп қалған еді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек