Қонаевта аға прокурор ұсталды

Қонаевта аға прокурор ұсталды
Фото: gov.kz

Алматы облысы Балқаш ауданының аға прокуроры Қонаевта ұсталды. Бұл ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Телеграм-арнада Алматы облысы ҰҚКД басқармасы Балқаш облысының аға прокурорын 3 миллион теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұстағаны туралы ақпарат пайда болды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұстау дерегін растады.

"12 ақпанда Қонаевта Қ.Сонабаевты Алматы облысы бойынша ҰҚК департаменттері мен Бас прокуратураның Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бірлескен іс-шаралары аясында Қ.Сонабаевтың Қонаевта ұсталу дерегін растаймыз,", - деп хабарлады ҰҚК өкілдері. 

Ұсталған адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі және 190-бабы 3-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша сотатергеу амалдары жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеу мәліметтері жария етілмейді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек