Елімізде қандай жағдайда бала шетелге емделуге жіберіледі?

Ана мен бала денсаулығын сақтау департанменті директорының орынбасары Әйгерім Оспанова жыл басынан бері 66 бала шетелге емделуге жіберілгенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бұл бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің жоғары комиссиясы жұмыс істейді. Онда кепілдендірілген төлем арқылы шетелге емдеуге жіберетін бағдарлама бар. Соның ішінде биыл 100 адам шетелге емделуге кетті, оның ішінде 66-сы балалар. Былтырғы мәлімет бойынша бағдарламаға мемлекет қаржысынан 967 миллион 633 мың теңге жұмсалды", - дейді Әйгерім Оспанова ОКҚ-да.

Оспанованың сөзінше, ҚР ДСМ 45-ші бұйрығы бойынша балалар шетелге емделуге өз отбасының қаржысынан шығатын болса, оларға мемлекет көмек бере алмайды.

Сондай-ақ ол қандай жағдайда балалар шетелге емделуге жіберлетінін айтты.

"Республикалық орталықтарындағы бас мамандар "біз осы баланы емдей алмаймыз, шетелге жіберілсін" деген тұжырымдама береді. Сол арқылы бала шетелге баруға мүмкіндігі бар. Біз былтыр өз бетінше шетелге емделуге баратын, елімізде түрлі қорлардың көмегіне сүйенетін адамдардың пікірін білдік. Олардың тең жарысы өзімізде орталық бар екенін біле тұра, бәрібірде баруға мәжбүр екенін айтты. Мен ең алдымен, баланың біздің облыс орталықтары мен республикалық емханаларда емделгені дұрыс дер едім. Көп кездесетін жағдайдың бірі эксперименталды емге ақша жинайтын ата-аналардың мәселесі. Біз қандай да болсын эксперименталды және диагностикалық ем үшін шетелге жіберуге мүмкіндігіміз жоқ, болмайды да деп ойлаймын", - дейді спикер. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Түркістан облысында ерекше балалардың құқығы бұзылған жазған едік. 

Жасұлан Ордабаев

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!