Дәрігер қолды жиі жуу тері ауруларына әкеп соқтыратынын ескертті

Дәрігер қолды жиі жуу тері ауруларына әкеп соқтыратынын ескертті
Фото: Shutterstock

Аллерголог-иммунолог Алла Рафаэлян қолды жиі жуу атопиялық дерматиттің дамуына түрткі болуы мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Life.ru-ға" сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, қолды жиі жуған кезде терінің табиғи қорғаныс қабығы әлсіреп, дерматитке бейімделеді.  Атопиялық дерматит кезінде тері қыбынып, қызарады, қышиды, ол созылмалы ауру түріне жатады. 

Сонымен қатар, қол терісі құрғап, жарылады, оның алдын алу үшін маман қолды құрамында зиян зат жоқ, жұмсақ жуғыш құрал мен жылы суға жууды, ылғалдандырғыш падалануды ұсынды. Ал қарапайым сабын терінің қаттылығы мен серпімділігіне жауап беретін гидролипидті қабықты зақымдайды.

"Сілтілі емес сабын липидті қабатты қалпына келтіруге көмектеседі. Сондай-ақ, сабын немесе сұйықтықтан қатты хош иіс шықпауына аса назар аудару керек, өйткені тері атопиясы бар адамдарға құрал құрамындағы шөп пен табиғи эфир майлары теріс әсер етуі мүмкін", - деді ол.

Алла Рафаэлян терідегі жағымсыз әсерді никельден жасалған зергерлік бұйымдар да тудыруы мүмкін екенін жеткізді. Мұндай бұйымдар 40 пайыз жағдайда аллергияның пайда болуына ықпал етеді. 

Бұдан бөлек, хош иісті шамдар мен ауа тазартқыштарды қолданған кезде абай болған жөн. Егер олардан аллергиялық әсер туса, бөртпе, тоқырау және тұншығу белгілері болады. 

Иммунолог аллергия кезінде белгілі бір биологиялық заттар өндірілетініне назар аударды, олардың бірі - гистамин. Егер аллергиялық реакцияның себебі қандай да бір өнім болса, гистамин денені қорғап, қызартады, қышытады.

Айта кетейік, бұған дейін теріде жиі кездесетін аурулар туралы хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Ораза - 2024. Оразаны неше жастан бастап ұстауға болады?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә