"Қойсаңдаршы болды". Жігер Ауыпбаев өзі туралы "суық хабар" таратпауын сұрады

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев өзінің қайтыс болғаны туралы жалған ақпарат таратпауын сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

"Осы YouTube-арнаның түпкі мақсатын түсінбедім. Бір емес, екі емес... Қойсаңдаршы болды. Мені өлтіріп не істейін деп жүрсіңдер?" - деп жазған ол. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!