ҰҚК киберқылмыс жасаған қарағандылықты ұстады

ҰҚК киберқылмыс жасаған қарағандылықты ұстады
Фото: gov.kz

ҰҚК мемлекеттік электрондық қызмет көрсету саласында киберқылмыс жасауда күдікті Қарағанды тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдіктіні Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен 30 қаңтарда ұстады.

Фото: gov.kz

Тінту кезінде 24 ұялы телефон, 4 жүйелі блок, 4 флеш-карта, 9 ноутбук, планшет алынды.

Алдын ала бағалауға сәйкес, залалдың сомасы 49 млн теңгеден көп.

Фото: gov.kz

Қылмыстық кодекстің 207-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина