Республикалық маңызы бар 2 автожол жабылды

Республикалық маңызы бар 2 автожол жабылды
Фото: ҚазАвтоЖол

Республикалық маңызы бар 2 автожол жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

22 ақпан сағат 10:00-дегі жағдай бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар 2 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Қостанай облысында – жалпы ұзындығы 83 шақырымды құрайтын 1 автожол (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)

1. "Жезқазған-Петропавл" - Ұлытау обл. шек.-Арқалық қ. (көліктің барлық түрлері үшін)

Ұлытау облысында  – жалпы ұзындығы 115 шақырымды құрайтын 1 автожолда
(екпінді жел, ауа температурасының төмендеуі)
1. "Жезқазған-Петропавл" - Ұлытау к.-Қостанай обл.шек. (барлық көлік түрлері үшін) ,

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп – ұстауға 535 бірлік техника және 1287 жолшы жұмылдырылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина