Майқайың кенішіндегі қайғылы жағдай: оқиға орнында не болып жатыр?

Майқайың кенішіндегі қайғылы жағдай: оқиға орнында не болып жатыр?
Фото: Валерий Бугаев

Павлодар облысы Майқайың кентінде нженерлік-геологиялық жұмыстар тәулік бойы жүргізіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. 

Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, қазір қайғылы оқиға орнында "Майқайың алтын" АҚ кәсіпорны құтқарушылардың жұмысы үшін алаңды кеңейту бойынша инженерлік-геологиялық жұмыстар жүргізіп жатыр.

"Ол үшін бағаналы жол ұлғайтылып, борттар кеңейтілді, аппарель бұрышы 15 градусқа дейін төмендетілді, бүйірлік түсуді кеңейтті және тереңдетті, сондай-ақ, тау-кен массасы тазартылды. Қазірдің өзінде 138 мың тоннадан аса топырақ пен тау массасы шығарылды", - деп жазылған мәліметте. 

Еске салайық, бұған дейін ішінде құтқарушылар отырған автобус жер астына түсіп кеткені, екі адам өлі табылғаны, бірақ қалған екі адам әлі шығарылмағаны хабарланды. 

Кейінірек Майқайың кенішінде іздестіріліп жатқан құтқарушылардың заттары табылды. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов айтты.

"Майқайың Алтын" АҚ кенішінде іздеу жұмыстары жүргізілген жерде бүгін жаңа бөлшектер, яғни құтқарушының каскасы, автобустың ішкі сөресі есігінің кішігірім бөлігі және де құтқарушының "XFERRA" қол радиостанциясы табылып, жер бетіне көтерілді", - деп жазылған хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова