Жаңа туған сәби мен анасын перзентханадан лимузинмен шығарып алғандар қар құрсауында қалып қойған

Павлодар облысында тұрғындар қар құрсауында жаңа туған нәрестемен қалып қойған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі өңірдің Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Кейінгі күндері өңірде қатты аяз болып, боран соғып тұр. Тәртіп сақшылары тәулік бойы патрульдеу жүргізеді, әсіресе, тасжолдарды қарайды.

Қызмет көрсетілетін аумақты патрульдеу кезінде Кемеңгер ауылының учаскелік уинспекторы Қанат Әбілдинов қар құрсауында қалған лимузинді тапқан. Жүргізуші жаңа туған нәрестені анасымен бірге перзентханадан алып келе жатқанын, бірақ қарға кептеліп қалғанын түсіндіріпті.

Учаскелік инспектор көлікті қардан шығаруға көмектесіп, арқанды көлікке байлап, шығарып алып, үйіне дейін апарды. Көлік жүргізушісі мен оның жолаушылары учаскелік полиция қызметкеріне алғыс айтты.

"Сәби анасымен бірге үйіне аман-есен жетті, оларды туыстары қарсы алды", - деді полиция қызметкері.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!