Танымал актер інісінің туған күніне бағалы сый тарту етті

Танымал актер інісінің туған күніне бағалы сый тарту етті
Фото: Әлеуметтік желідегі парақшасынан

Танымал актер Еркебұлан Тоқтар туған інісінің туған күнінде оған естен кетпес тосынсый жасады. Өнер иесі бауырына жаңа көлік сыйға тартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Актер әлеуметтік желідегі парақашасында қуанышты сәттің видеосын жариялады. Бейнежазбадан актердің інісі өз туған күнінде ескі көлігін жөндеп жатқанын көруге болады. Сол сәтте жұлдызды ағасы оған әтір сыйлағандай болып, қораптың ішіне жаңа көліктің кілтін салып қояды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Еркебулан Токтар (@erkebulan_toktar)

"Менің туған інім бар. Бүгін Адиктің туған күні. Туған күнінде көлігін жөндеп жатыр екен. BMW көлігі бар, дұрыс жүрмейді, ішінен бензиннің иісі шығады. Адик досына "ағам туған күніме BMW F10 сыйлап тұрса" деп әзілдеп жазғаны бар екен. Сол өзі қалаған көлікті мен қазір үйге алып бара жатырмын. Әтір берген сияқты боламын. Бірақ мына қорапқа кілтті салып қоямын. Қызық болайын деп тұр", - деді актер.

Актердің інісі мұндай бағалы сыйлыққа қатты таңғалып, ағасына алғысын жаудырды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы