Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан жүргізуші көз жұмды

Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан жүргізуші көз жұмды
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысып, көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

21 ақпанға қараған түні Алматы-Өскемен тас жолының 455 шақырымында Сарқан ауданында жол апаты болды.

"Nissan Terrano жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, DAF XF 105 жүк көлігімен соқтығысты. Жеңіл көліктің 30 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Жолаушы ретінде келе жатқан қыз облыстық ауруханаға түрлі жарақатымен түсті", - делінген Жетісу облысы ПД хабарламасында

Сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция жүргізушілерден жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды талап етеді. Жол қозғалысы ережелерін елемеу ауыр зардаптарға әкеледі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы