"Толықтай қабылдау қиын". Танымал әнші алғаш рет ұлының сырқаты жайлы ашып айтты

"Толықтай қабылдау қиын". Танымал әнші алғаш рет ұлының сырқаты жайлы ашып айтты
Фото: Видеодан алынған кадр

Әнші Дильназ Ахмадиева алғаш рет ұлының дерті туралы шындықты ақтарды. Ол бұл туралы Тимур Балымбетовке берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің айтуынша, ұлына психо-сөйлеу дамуының кешігуі диагнозы қойылған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Timur Balymbetov (@balukz)

"Сөйлеу кешігуі бар балалардың ата-аналары шынымен жаны ашып, сен үшін уайымдайды. Мұндай аналар барынша қолдау көрсетіп, көмектескісі келіп тұрады. Ал кейбір жандар "балаң аутист па?" деп орынсыз сұрақ қойып жатады. "Балабақшаға беріңдер, тез-ақ сөйлеп кетеді" деп те айтады. Бірақ бұл ақымақтық қой. Кім болса да мұндай сөздер айтуға құқысы жоқ деп ойлаймын. 10 жыл бойы бала көтере алмай, балалы болу үшін барынша тырысып жүргенде осындай жағдай болғаны, оны толықтай қабылдау қиын. Бірақ не болса да оны қабылдап, алға қарай ұмтылу керек. Себебі бұл ақырзаман емес. Кез келген диагноздың шешімі бар", - деді әнші.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы