40 градусқа дейінгі аяз: синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады

40 градусқа дейінгі аяз: синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

22 ақпанда Астана қаласы мен 10 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-сының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана мен Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында 40 градусқа дейін, Жетісу облысында 27 градусқа дейін аяз болады.

Алматы облысында Іле өзенінен 164 км қашықтықта, Қапшағай ГЭС-індегі гидрологиялық бекетте мұздардың кептелуі салдарынан су деңгейі көтерілді.

Қарағанды мен Ұлытау облыстарында жаяу бұрқасын соғады.

Маңғыстау облысында көктайғақ, тұман, Қызылорда, Жамбыл облыстарында да тұман, Түркістан облысында көктайғақ болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы