Серік Ибрагимов үшінші сәбиінің есімін жария етті

Серік Ибрагимов үшінші сәбиінің есімін жария етті
Фото: Видеодан алынған кадр

Әнші Серік Ибрагимовтың келіншегі осыдан бір ай бұрын үшінші перзентін өмірге әкелді. Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында сәбиді қырқынан шығарғанын жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі бұған дейін перзентханадан шыққан ұлына есім таңдамағанын айтқан болатын. Үшінші перзентін қырқынан шығарған ол ұлына азан шақырып, Шадияр есімін қойғанын да мәлім етті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Абдимаева Айнамкоз (@ainamkoz_abdima)

"Бүгін баламызды қырқынан шығарып жатырмыз. Балапанымыздың аты - Шадияр", - деді әнші мен жұбайы видеода.

Видеодан Шадиярды әжесі қырық қасық су құйып, тырнағы мен шашын алып, қырқынан шығарғанын көруге болады. Бұл рәсімге тамынал блогер Елдос Колобоктың да анасы қатысқан. Ол да ырым жасап, сәбидің шашын қайшымен қиды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы