Оралда 8-қабатқа жаяу көтерілген тұрғын қайтыс болды

Оралда 8-қабатқа жаяу көтерілген тұрғын қайтыс болды
Фото: depositphotos.com

Оралда 70 жастағы кейуана 8-қабатқа жаяу көтеріліп, қайтыс болды - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Уральская неделя" сайтына сілтеме жасап.

Орал қаласында Сырым Датов көшесіндегі тоғыз қабатты жатақханада тұратын Мәншүк Құдабаева лифтінің ақауы салдарынан сегізінші қабатқа көтерілуге ​​мәжбүр болған. Жетпіс жастағы кейуана кішкентай немересін күнде балабақшаға апарып, лифт жұмыс істейді деген үмітпен сегізінші қабаттан бір көтеріліп-төмен түсіп жүрген. Бір апта бұрын сегізінші қабатқанда көтерілгеннен соң зейнеткер қайтыс болды.

Оның көршісі Серік Қодаров басылым журналистеріне қарт әйелдің қайтыс болғанын айтты.

"Мәншүк енді арамызда жоқ, қайтыс болды. Ол әдеттегідей сегізінші қабатқа жаяу көтерілді. Пәтерге кіруге де үлгермей, есінен танып құлап қалды. Сосын комаға түсті. Жедел жәрдем келді, бірақ ол есін жимай қайтыс болды. Олардың айтуынша, сегізінші қабатқа көтерілгеннен кейін қан қысымы күрт көтеріліп кеткен", - деді Серік Қодаров.

Бұған дейін облыстық мәслихат депутаттарының бірі жатақхананы аралап, жеделсаты жөндейтін демеуші іздеу керектігін айтқан болатын.

"Бұл көпқабатты үйдің жоғарғы қабаттарында зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар тұрады. Лифт кезекті рет істен шығып тоқтаған соң, бір жылға жуық уақыттан бері жұмыс істемейді. Тұрғындар оны жөндеуге 1 миллион 200 мың теңге қажет дейді. Оларға бұл ақшаны өздері жинауға кеңес берілді, бірақ зейнеткерлер бұл қаржылық шығындарды табатындай мүмкіндіктері болмады. Олар 100 мың теңге зейнетақысының тең жартысын дәрі-дәрмекке жұмсайды", - делінген.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы