Гастроэнтеролог бауыр қызметін бұзатын әдеттерді атады

Гастроэнтеролог бауыр қызметін бұзатын әдеттерді атады
Фото: Freepik.com

Бауыр - өте маңызды ағза, оның атқаратын қызметі көп. Бауыр зақымдалған жағдайда өзін-өзі қалпына келтіре алады, алайда адамдар күнделікті әдетімен оны жиі бұзады. Осыған байланысты гастроэнтеролог Наталья Слюняева бауыр қызметін бұзатын әдеттерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "aif.ru-ға" сілтеме жасап.

Бауыр ауруының көп түрінің дамуы адамның өмір салтына тікелей байланысты. Көптеген күнделікті әдет стеатоз, гепатит және тіпті цирроз сияқты ауыр ауруларды дамытуы мүмкін.

Бауыр қызметіне зиян тигізіп, тіпті оның жұмысын тоқтатуына әкеп соқтыратын негізгі фактордың бірі - темекі шегу және алкогольдік сусынды тым көп мөлшерде ішу. Сондай-ақ, қант пен зиянды қоспаларға бай фаст-фуд, ысталған ет, дәмдеуіш секілді жоғары калориялы тағамдар ағзада майдың жиналуына әкеп соқтырып, алкогольсіз май ауруының даму қаупін арттырады.

Артық салмақ жинап, бауыр қызметінің бұзылуына физикалық белсенділіктің төмендігі, дәрі-дәрмек пен диеталық қоспаларды бақылаусыз қабылдау да әсер етеді. 

"Бауыр жасушалары регенерацияға қабілетті болса да, бұл ағзаға немқұрайлы қарамау керек, асқынған ауруды емдеу мүмкіндігі оның түріне және дәрежесіне байланысты. Мысалы, циррозды толық емдеу мүмкін емес, тек дамуын бәсеңдетуге көмектеседі", - деді ол.

Бауырдың ауырсыну рецепторлары жоқ болғандықтан, оның қызметі бұзылса, адам байқамай қалу ықтималдылығы жоғары. Белгі тек ауру дамыған кезеңде білінеді. Сондықтан алғашқы белгілер пайда болған жағдайда дереу білікті медициналық көмекке жүгіну керек.

Айта кетейік, бұған дейін "Ауыздан жағымсыз иіс шығу". Бауыр қызметінің бұзылғанын қайдан білуге болатыны хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Кемпір өлді деген қандай кәде?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә