Танымал кинопродюсер актер Олжас Абайға қанша гонарар бергенін айтты

Танымал кинопродюсер актер Олжас Абайға қанша гонарар бергенін айтты
Фото: фотоколлаж

Танымал продюсер Құралай Анарбекова актер Олжас Абайға қанша гонарар бергенін айтты. Бұл туралы ол TikTok парақшасында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Көптеген фильмдерде басты рөлдерді сомдап жүрген актер Олжас Абайға продюссер трендтегі соңғы фильмінің 1 күндік түсірілімі үшін 5.000.000 миллион теңге бергенін жеткізді.

"Олжас Абайға Оchooou-ға 5 миллион теңгеден артық төледік. 1 күн ғана киноға түссе де, ешбір актер миллионнан кем алған жоқ. Біздің продакшн фильм түсіреді дегенін естісе, барлығы гонарарларын көтеріп жібереді. Тек актерлық құрам емес сонымен қатар басқа да қызметкерлер өздерінің табысын көтеріп айтады" , - дейді кинопродюсер.

@brat_ili_brak3 @Brat_ili_brak3 Осыншама акшага нестер еднз? #братилибрак3 #corichgroup ♬ оригинальный звук - Brat_ili_brak3

Сондай-ақ, танымал Стендапер Нұрлан Сабуровқа бір күндік түсірілімге 9 миллион теңге ұсынғанында айтты. 

"Сценарий жазылды, түсірілімге көштік. Нұрланға хабарласқан кезде, оның графигі өте тығыз болды. Кез келген мәселені ақшамен шешуге болады ғой. Оған мен бір күніне 20 мың доллар төлеуге дайын болдым. Бірақ та мәселе ақша емес екендігін, оның графигі бір жылға жазылып қойғанын айтты", - дейді Құралай Анарбекова. 

Айта кетейік, бұған дейін актер Олжас Абай басынан үлкен сынақтар өткенін айтқан еді. Актер не себепті күйзеліске түсті? Ол туралы сілтемеге өтіп оқи аласыз.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Е. Ерболұлы