Педофилдер мен баланы өлтіргендер ауыр жазаға тартылады

Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және оған ілеспе заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Депутат Жұлдыз Сүлейменов енді әйеліне қол көтергендер сотталатынын ескертіп, педофилдерге де ауыр жаза барын атап өтті.

"Жаңа редакцияда, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылды. Сондай-ақ жаңа редакцияда денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіргені үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылды.

Балалардың құқығын қорғау саласында 2 жаңа норма қарастырылды. Жаңа редакцияда педофилия үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру қарастырылды. Жаңа редакцияда баланы өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру қарастырылды", - деді ол.

Сондай-ақ Жұлдыз Сүлейменов азаптауға байланысты да жаңа норма барын жеткізді.

"Жаңа редакцияда азаптау үшін 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа жегу не 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылды", - деді депутат.

Сонымен қатар, ол отбасының шырқын бұзатындар жазадан тыс қалмайтынын айтты.

"Егер отбасында ойран салған азаматтың басқа тұрғын үйі болса, оның жәбірленушімен бір тұрғын үйде тұруына сот арқылы тыйым салатын норма болды, бірақ ол жұмыс істеген жоқ. Жаңа редакцияда, зорлық-зомбылықа ұшыраған адамды қорғау үшін сот ерекше жағдайларда отбасында жанжал шығарып, құқық бұзған адамды белгілі бір мерзімге жарымен, бала-шағасымен бірге тұруға тыйым салу түріндегі құқықтық ықпал ету шарасын қолдануға құқылы", - деді Жұлдыз Сүлейменова.

Дауыс беру нәтижесінде заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Аяз Есен 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!