Ақтөбеде "Азия Бақанас" басшысы сотталды

Ақтөбеде "Азия Бақанас" басшысы сотталды
Фото: Қаржы мониторингі агенттігі

Ақтөбеде "Азия Бақанас" басшысы ірі көлемде салық төлеуден жалтарғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап. 

Ақтөбеде сот "Азия Бақанас" ЖШС басшысы Мұрат Ақышқа және Қытай Халық Республикасының азаматы CHEN GUOQING (Чэнь Гоцын) қатысты жалпы сомасы 1,4 миллиард теңгеге жуық аса ірі мөлшерде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару бойынша қылмыстық істі қарады.

Тергеу барысында ұйымдастырушы Чен Гоцин алдын ала келісе отырып, "Азия Бақанас" ЖШС-ін 2014-2020 жылдар аралығында Ақыш Мұратқа қайта тіркеп, сенімсіз жеткізушілермен жалған мәмілелер жасау арқылы салық төлеуден жалтарған.

Сот үкіміне сәйкес Чен Гоцын 3 жылға, Ақыш Мұрат 4 жылға бас бостандығынан айырылып, алынбаған салық сомасын бірлесе өтейтін болады.

"Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, "АФМ Insider" Telegram-ботына хабарлауыңызды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі", - делінген хабарламада. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек