"Уақыт келді". Танымал виолончелист Бағжан Октябрь қашан отау құратынын айтты

"Уақыт келді". Танымал виолончелист Бағжан Октябрь қашан отау құратынын айтты
Фото: Әлеуметтік желідегі парақшасынан

Танымал виолончелист Бағжан Октябрь жеке өмірі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі НТК арнасына сілтеме жасап.

Өнер иесі шаңырақ көтеруге ата-анасы асықтырмайтынын айтты.

"Ата-анам асықтырмайды. Бірақ үйленетін күнге асығып жүрмін. Уақыт келді. Жасым 23-ке толды ғой. Қыздарға қоятын талабым жоқ. Себебі идеал ешкім жоқ. Бастысы, әзіл ретінде үнемі айтатыным - қыздың тобығы жіңішке болсын",- деді ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы