Алматыда жер үйден шыққан өрттен екі адам көз жұмды

Алматыда жер үйден шыққан өрттен екі адам көз жұмды
Фото: Алматы ТЖД

Алматыда жер үйден өрт шығып, құтқарушылар екі адамның мәйітін тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Өрт 20 ақпанда сағат 3:43-те Ш.Мұртаза көшесі, 29-үйде болған. Өрт сөндірушілер аталған мекенжайға жеті минутта жеткен. Олар келген бойда уақытша баспананың 15 шаршы метрі жанып, төбесі опырылып құлап түскен.

"Өрттің жақын орналасқан үйге таралу қаупі туындады. Қызыл жалын 03:54-те оқшауланып, 04: 03-те сөндірілді. Өртті сөндіру барысында екі адамның денесі табылды. Алдын ала ақпарат бойынша баспана жалға берілген. Өрт фактісі бойынша материалдар іс жүргізу шешімін одан әрі жүргізу үшін Медеу ауданы ПБ жанындағы полиция бөліміне берілді", - делінген хабарламада.

Мамандар жанындағы жеке тұрғын үйді өрттен сақтап қалды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы